Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі министрлік атынан үй аралаған белгісіз адамдарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде өздерін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдардың үйлерді аралап жүргендігі туралы хабарламалар мен видеолар тарап жатыр. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ресми түрде министрлік қызметкерлері үй аралап, жеке деректер немесе басқа да ақпарат жинамайтынын мәлімдейді, – делінген мәлімдемеде.
Ведомство өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар мен деректер талап еткен немесе үйге кірмек болған адамдардың министрлікке қатысы жоқ және олардың алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеді.
Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері үшін министрлік жауапты емес. Қырағылық танытып, мұндай жағдай орын алса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз. Ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіздер, – деп хабарлады министрлік.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
