Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 17:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Модельдік агенттіктің атын жамылып, порноиндустрия саласында жұмыс істеген қылмыстық топтың 118 мүшесі ұсталды

10.08.2023

479 0

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамына Қазақстанның және шет елдердің азаматтары кірген трансұлттық қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы  Polisia.kz басылымы хабарлайды.

Қылмыстық топ модельдік агенттіктің атын жамылып, порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан. Полиция мәліметіне сүйенсек, қылмыстық топтың мүшелері ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желі арқылы ай сайын 2 миллион теңгеге дейін төлемді уәде етіп, 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздарды тартқан. Қыздар аталған қызметтен бас тартқан жағдайда қылмыскерлер оларға психологиялық қысым көрсетіп, айыппұл салған.

“Топтың ішінде нақты рөлдері белгіленген ұйымдастырушылар, басшылар, азғырып көндірушілер, әкімшілер, IT-мамандар мен бухгалтерлер болған. Анықталғандай, қылмыстық топтың қаражат айналымы соңғы 5 жылда 3 миллиард теңгеден асады. Полиция қызметкерлері Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтер анықтады”, – делінген полиция хабарламасында. 

Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір келі есірткі құралы және 69 мыңнан астам доллар тәркіленген.

“Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, оның ішінде 3 шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ІІМ тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қылмыстық топтың негізгі мүшелерінің мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: