Алматы облысының 112 қызметіне Қарасай ауданындағы Мұғалім шыңына шыққан 1999 жылғы ер адам хабарласып көмек сұраған. Ол қолын сындырып алып, таудан өздігінен төмен түсе алмай тұрғанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тау жолымен өте алмауына байланысты жедел жәрдем бригадасының көлігі оқиға орнына жете алмаған.
«Құтқарушылар зардап шеккен адамды төменге түсіріп, жедел жәрдем тобына табыстады. ТЖМ тауға серуенге шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді», делінген 2025 жылғы 27 қазандағы хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
