Бейсенбі, 28 қараша, 13:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірінен өнеге айтылды

23.10.2023

450 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтарға ҚМДБ-ға қарасты Қызылорда қалалық Төлен ата мешітінің имамы «Мұхаммед пайғамбардың өмірінен өнеге» атты дәріс өткізді.

Исламда есімге үлкен, сакралды түрде мән беріледі. «Мұхаммед» деген ат «Қайта-қайта мадақталған», «Мақтауға лайық» деген мағынаны береді. Құранда ол өз атымен тек бес-ақ рет аталған, бірақ одан бөлек ол пайғамбар (ән-Нәби), хабаршы (Расул), Құдайдың құлы (Абд), хабаршы (Башир), ескертуші (Назыр), еске салушы (Музаккир), куәгер (Шаһид), Құдайға шақырушы (Да’и) және т.б. есімдерімен аталады. Мұсылман дәстүрі бойынша Мұхаммед пайғамбардың аты аталғанда немесе жазылғанда, әрқашан «Саллалаһу әлейһи уә сәлләм» (араб.: صلى الله عليه وسلم‎) – яғни «оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады деп сөзін бастаған Ғалымжан Оразалыұлы, сотталған азаматтарға бірнеше мәні бар уағыздар айтты.

Кездесу  соңында жазасын өтеушілер  аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауаптарын алды.

« Бүгінгі Төлен ата мешітінің имамы мен кездесу барысында дәрісті тыңдай отыра көптеген діни сауаттылығымызды кеңейте алдық. Себебі, өзге діни ағымдар мен пайғамбарымыздың өмірі жайында басты ерекшеліктерді ашып түсіндірді. Өте маңызды тақырыптағы дәріс болғандықтан мұқият тыңдап, көптеген мәліметтер алдым»,- деді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: