Сотталған азаматқа әкелінген тамақтарды тексеру барысында ұялы телефон тәркіленді.
ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталғанға жақындары әкелген азық-түліктен күдікті зат тәркіленді. Тамақтарды арнайы тексеру барысында қызметкерлер нан ішіне жасырған ұялы телефон мен қуаттағышты тапты. Жүйелі тексеріс пен арнайы аппараттар арқасында сәлемдемеден рұқсат етілмеген заттар дер кезінде анықталды.

Қазір аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық іс-құжаттары дайындалып жатыр.
Рәпіш ТӨЛЕП ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!