Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Назарбаевтар отбасының шетелге шығарған ақшасы қайтарыла ма: Мәжіліс төрағасы жауап берді

16.06.2022

1099 0

Назарбаевтар отбасының шетелдегі ақшасы елден заңсыз шығарылғаны дәлелденсе, ол қаржы Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс кулуарында журналистер Қошановтан «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң қабылданғаннан кейін, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасының шетелдегі дүние-мүлкісі елге қайтарыла ма?» деп сұрады.

«Қазақстанда, өздеріңіз көріп отырсыз, әсіресе соңғы кездері заң алдында барлық азаматтар бірдей. Заң бәріне ортақ. Сондықтан егер ақша заңсыз шығарылса, қандай азамат болса да заң алдында жауап береді. Ол туысқан ба, туыс емес пе, лауазымды қызметкер ме, оның бәрі заңның алдында жауап береді және заңсыз шығарылған қаржының бәрі қайтарылады. Бірақ, қайталап айтамын, оның өзінің жолдары бар, бұл өте күрделі жұмыс», – деді Қошанов.

Спикер жуырда президент жарлығымен шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша комиссия құрылғанын еске салды. Ол тек президентке бағынады және оған есеп береді.

«Сол себепті комиссияның жұмысын күту керек. Әрине, ол шетелге кеткен ақшаны қайтару оңай жұмыс емес. Себебі Қазақстанда да, шет елде де ақшаның заңсыз жолмен алынғаны дәлелденуі керек», – деді мәжіліс төрағасы.

Айта кетсек, бүгін мәжіліс Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

8 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) құру туралы жарлығы жарияланды. Комиссия елден заңсыз шығарылған ақшаны Қазақстанға қайтарумен айналысады. Сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: