Бейсенбі, 28 қараша, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Ашық НҚА» порталында орналастыру жайында

28.11.2024

52 0

«Ашық НҚА» порталы (бұдан әрі – Портал) 2015 жылдан бастап іске қосылды және азаматтардың нормашығармашылық процеске электронды түрде ашық қатысуын және маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауға арналған нормативтік құқықтық актілердің  жобаларын талқылауға арналған прогрессивті құрал болып табылады.

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 17-1, 18-баптарына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары (бұдан әрі – РСКҚ), заң жобалары және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары (бұдан әрі – НҚА жобалары) «Ашық НҚА» интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.

РСКҚ мен заң жобаларын орналастыру және жария талқылау тәртібі Үкіметтің заң шығару жұмысының қағидаларымен (2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген), заңға тәуелді НҚА бойынша – Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларымен (Әділет министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен бекітілген, бұданәрі – ережелер) айқындалады.

НҚА жобаларын Порталда орналастыру тәртібінің сақталуын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тұрақты бақылап отырады.

Бұл ретте, НҚА жобаларын әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органдармен жария талқылау тәртібінің сақталмауы жиі кездесетінін атап өткен жөн. Мысалы:

– келіп түскен пікірлерге (ұсыныстарға) жауап беру мерзімдерін бұзу фактілері (Заңнамаға сәйкес НҚА жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және Порталда негіздемелерді көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы қабылданған шешімді орналастырады);

          – жобаларды Порталда тиісті құжаттарсыз орналастыру(Заңға тәуелді НҚА жобалары түсіндірме жазбалармен және оларға салыстырмалы кестелермен бірге оларды жария талқылау үшін Порталда орналастырылуға тиіс);

– жария талқылау мерзімдерін бұзу(Қағидалардың 5-тармағына сәйкес жария талқылау үшін Порталда заңға тәуелді НҚА жобаларын орналастыру мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс).

Осыған орай, мемлекеттік органдар аталған бұзушылықтарға жол бермей, жария талқылау талаптарын қатаң сақтау қажет.

                                                                                        Н.Бодыбаев

Қызылорда облысы Әділет департаментінің

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: