Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан оқу орындары арасында «Есірткіден аулақ бол!» тақырыбында билбордтар байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық мәселесін түсіндіру және қатысушыларға ақпаратты қолжетімді түрде ұсыну арқылы нашақорлық проблемасын көрсету мүмкіндігін беру болды.
Финалдық байқауға сайыскер оқу орындарының 20 үздік билбордтары қатысты. Байқауға қатысушылар өз ойларын ортаға салуға шығармашылық көзқараспен қарап, нашақорлық проблемаларын билбордтары арқылы көрсете біліп, олардан аулақ болу керектін көрсетті. Сонымен қатар, ең маңыздысы – енді «ескерту» билбордтары үнемі оқушылардың, өтіп бара жатқан азаматтардың және жүргізушілердің назарында үнемі болып, тиісті әсерін беретіндігі анық.
Облыстық жеңімпаздар: Қазалы ауданының №№103 және 16 орта мектебі мен мектеп-лицейі, Жалағаш ауданының №202 орта мектебі және Сырдария ауданының №42 мектеп-лицейі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!