Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыстың жедел қызмет саласының басшысы бұқара қауымға үндеу жасады

16.06.2023

539 0

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық шеңберінде есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан көптеген профилактикалық іс-шара жүзеге асырылуда.
Полиция қызметкерлерімен айлық басталғалы 75 түрлі іс-шара өткізілсе, БАҚ мен әлеуметтік желілерде 312 жариялым жасалды.
Профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жұмағұлов Ілияс Байжұманұлы бұқара қауымға үндеуі жасады.
Облыстың жедел қызмет саласының бас полицейі өз үндеуін, нашақорлық – адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт. Онымен күресте барлығымыз бірге күш біріктіруіміз керек – деп бастады.
Сонымен қатар, балаларға отбасыда дұрыс тәрбие беріп, денсаулыққа назар аударып, адами қасиеттерді ұмытпай, жаман әдеттерден аулақ болуды үйрету керектігіне назар аударды.
Жастық шақты ғасыр дертімен уламай, жан-жақты ізденіп, тұлғалық қалыптасуға бет бұрып, болашақтың іргетасын бірге қалауға шақырды.
Полиция подполковнигі І.Б.Жұмағұловтың бастамасын облысымыздың түрлі сала уәкілдері мен батыр аналар және ақсақалдар қолдап, жалғастыруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: