Жексенбі, 24 қараша, 22:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Облыстық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі сотталғандармен кездесті

20.03.2023

564 0

Қызылорда облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы, облыстық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 түзеу мекемесінде болып, сотталған азаматтармен кездесті. Кездесу барысынды Б.Оспанов бүкіл түркі әлемінде жыл басы болып саналатын «Әз-Наурыз» мерекесінің шығу тарихы, оның маңыздылығы және Ислам дініне қайшылығының жоқ екендігі жайында айтты. 
- Көп адамдар «Наурыз» мерекесін «Мәджуси» (отқа табынушы) дінінен қалған деп айтып жатады, ол дұрыс емес. Бұл бүкіл түркі халқының, соның ішінде қазақ халқының қыстан аман-есен шығып, көкке ілінген кезде қуанышпен тойланатын мерекесі. Ата-бабаларымыз отқа табынушылар секілді от жағып, оны айналып немесе одан секіріп тойлаған емес және қазір де ондай көріністерді көру мүмкін емес. Тиісінше халық үйіндегі қыстан қалған сүрленген етті қазанға салып, сонымен қатар қыстан қалған азық-түліктері мен дәнді-дақылдарын пісіріп жеген. Сол күннен бастап қазақ халқы сүрленген етті жемей, жаңа жас малдың етін жейтін болған», - деді ол.  
Сонымен қатар қазақтың ұлттық аспабы домбыра жайында, ол аспаптың қазақ халқы үшін маңыздылығын айтып берді. «Бұл ретте де кейбір діндар азаматтарымыз домбыраны «харамға» санап жүр. Ол дұрыс емес. Себебі бабаларымыз домбырамен нәпсіні қоздыратын әндер емес, жыр-термелер арқылы өскелең ұрпаққа өсиет айтып отырған. Сонымен қатар жас буынның жадында тез сақталуы үшін Ислам шариғатының кейбір шарттарын да осы жыр-термелер арқылы жеткізіп отырған», - деді өз сөзінде Б.Оспанов. 
Кездесу соңында Шал ақын, Бұқар жырау секілді қазаққа танымал ақын-жыраулардың термелерін айтып берді. 
Өз кезегінде сотталған азаматтар ОАТТ мүшесі Б.Оспановқа өз алғыстарын айтты. Тіпті кейбіреулері теріс ағымның жетегінде жүріп домбыраны тыңдамағандығын, шын мәнінде домбыраның пайдасы мен үнінің кереметтігін енді ғана түсініп жатқандығын айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: