Сенбі, 21 желтоқсан, 21:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

03.08.2022

777 0

Бүгін ішкі істер органдарында орын алған кадрлық өзгеріске байланысты облыс активі өтті. Жиынға арнайы келген ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған Мұхтар Қожабаевты таныстырды.
Жиында облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев жаңа басшыға қолдау білдіріп, табыс тіледі.


Актив отырысында өңір басшысы Сыр еліне арнайы келген Марат Қожаевқа алғысын білдіріп, ішкі істер органдарының мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылым екенін атап өтіп, Мұхтар Аманқұлұлына жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Асқан жауапкершілікті талап ететін күрделі салада Мұхтар Аманқұлұлының білімі мен білігі, жинақтаған мол тәжірибесі жетеді деп санаймыз және бұл кадрлық шешімді толық қолдаймыз.
Мұхтар Аманқұлұлы өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауда және аймағымыздың дамуына өз тарапынан үлес қосады деп сенім артамыз,– деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2020-2022 жылдар аралығында полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 5 млрд.теңгеден аса қаражат бөлінді.
Биыл полиция департаменті қызметкерлеріне 92 қызметтік автокөлік табысталды. Сондай-ақ, сақшылардың қызмет барысын оңтайлы етуге мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі бейнебақылау камералары мен жылдамдық режимін бақылау стационарлық жүйелері орнатылды.
Кешенді шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың 6 айында жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 5% азайған.
Мұхтар Қожабаев 1968 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1987-1989 жылдары Қарулы күштер қатарында қызмет атқарды.
1992-1993 жылдары – ІІБ МАИ жол-патрульдік қызметінің жеке батальонының жол-патрульдік полициясының инспекторы.
1993-1997 жылдары – БӨП ЖПҚ аға инспекторы, Келесауданы ІІБ МАИ бөлімшесінің және Сарыағаш ауданы ІІБ мемлекеттік автоинспекторы;
1997-1999 жылдары – Сарыағашауданы ІІБЖолполициясыбөлімшесініңбастығы, полиция бөлімініңбастығы.
1999-2004 жылдары – Мақтарал ауданы ІІ Бекінші полиция бөлімінің ӘПЖН бастығы.
2004-2006 жылдары – ІІМ Жол полициясы департаменті мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармасының тіркеу-емтихан жұмысының бас маманы.
2007-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД басқарма бастығының орынбасары, патрульдік қызмет бөлімінің бастығы, Жол полициясы басқармасының бастығы.
2009 жылғы наурыздан қарашаға дейін – Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары.
2009-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.
2015-2018 жылдары-Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.
2018 жылдың шілде – қараша айлары-Түркістан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.
2018 жылдың қараша айынан – Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: