Дүйсенбі, 25 қараша, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Өлке тарихын тану өзіңнен басталады

11.08.2023

340 0

Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрам қызметкерлері рухани, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне» барып қайтты.

12-тамыз Халықаралық Жастар күніне орай ұйымдастырылған бұл шараға түнгі ауысымнан шыққан қызметкерлер қатысты. Сонымен қатар өздері ғана емес, балаларыныңда көңілін аулау үшін, тарихымызды көрсету мақсатында қызметкерлер бүлдіршіндерінде ертіп келді. Жеке құрамды музей қызметкері Жолмырза Бақнұр қарсы алып, музейдің тыныс тіршілігімен яғни, музей тарихы, ондағы бөлімдер мен залдар, коллекциялар жайында қысқаша түсініктеме берді. Сонан соң, экскурсия барысында жас құрамға кейбір ежелгі артефактілердің түпнұсқалары жайында айтылып, музейдің  ашылған уақыттан бастап сыр шертетін жәдігерлері мен сирек фотосуреттері көрсетілді. 

          Облысымыздың тарихынан мағлұмат алып қана қоймай, өздеріне қызықты болған коллекциялардан музей қызметкеріне сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Сондай-ақ, жеке құрам сұрақ қойып қана шектелмей, өздері ұнатқан коллекциялар алдында естелікке суретке түсті.

-Бүгінгі экскурциядан алған әсерім ерекше. Облыстық музейге алғаш келіп, өлкеміздің тарихымен танысып, қызықты ақпараттар алдым. Алдағы уақытта қызмет барысында ғана емес, жолдасыммен жеке уақыт бөліп келіп, аралауды жоспарлап отырмын деді,- кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Жаннұр Даулетиярова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: