Сенбі, 21 желтоқсан, 20:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Өмір құндылықтары»

12.04.2024

471 0

Бүгін ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушілерге арналған «Өмір құндылықтары» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының психологы Зарина Бисекова жүргізді. 

Мұндағы тренингтің басты мақсаты – жазасын өтеушілер арасында  психологиялық ахуал орната отырып, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгерту.
Тренинг барысында адам үшін өмірдің құндылығын, оның қымбат екендігі жөнінде мағлұматтар беріліп,  әр адамның  тағдыры  өздерінің  қолдарында екендігі түсіндіріліп, “Менің өмірлік мақсатым”, «Жүрек тыныштығы» жаттығуларын қызығушылықпен орындап, сотталғандар белсенділік танытты. Жазасын өтеушілер  тренингте қойылған сұрақтарға жауап беріп, өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес екендігін ұғынуға мүмкіндік ала алды.
«Бүгінгі өткізілген тренингте өмірге деген қызығушылығымыз оянды. Өзіме деген сенімділік пайда болды. Жаза басып, жаңылып, бостандықтың қадірін түсініп жатырмын. Біз секілді азаматтарға осындай тренингтердің берері мол. Сергіп, ойымызды ашық айтып, психолог маманнан кеңес алдық. Ұйымдастырушыларға алғымысыз шексіз,-дейді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: