Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Өңірде алаяқтық қылмыс азайған 

02.06.2022

913 0

Облыста алаяқтық қылмысқа қатысты деректер өткен жылмен салыстырғанда 24 процеентке төмендеген. Жыл басынан бері алаяқтық санатындағы 36 қылмыстық іс сотқа жолданған.

– Бүгінде елімізде банктің атын жамылып, өзгенің ақшасына қол сұғатындар көбейді. Дәлірек айтқанда, жергілікті сот органдарымен 23 адамға қатысты 21 қылмыстық іс қаралды. Талдау барысында сотқа жолданған алаяқтық істердің басым көпшілігі – жер немесе тұрғын үй алып беруге, несие рәсімдеуге, жұмысқа орналастыруға, көлік жүргізу куәлігін алып беруге байланысты істер қозғалған. Ал биыл тіркелген 316 алаяқтық қылмыстың 51 проценті интернет алаяқтыққа жатады. Кінәлі азаматтар ҚР заңына сәйкес жауапқа тартылды, – дейді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов.

Мамандар алаяқтың арбауына түспеу үшін еш нәрсеге көз жеткізбей, бөтен азаматқа ақша аудармау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар онлайн қызметке жүгінген уақытта өзге қаладағы таныстарына немесе туыстарына айту арқылы нақты тексеріп алған жөн. Егер онлайн қызметтердің ісіне күмән туындаса дереу құқық қорғау қызметіне жүгіну қажет. Бұл орын алған қылмыстың тез ашылуына септігін тигізеді.

Дамира Ерлан

Қорқыт ата атындағы университеттің 2-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: