«Olimp KZ» букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша сотталған Жәнібек Жауыров ауыр диагноздан колонияда қайтыс болды. Адвокат марқұмның мерзімінен бұрын босатылуына мүмкіндігі болғанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын Жәнібек Жауыровтың денсаулығы нашарлап, жансақтау бөліміне жіберілген еді. Сотталушы 23 шілдеге қараған түні сол жерде қайтыс болды.
Сотталушының денсаулығы «Olimp KZ» букмекерлік кеңсесіне қатысты сотқа дейін нашарлаған. Жәнібек Жауыров 2014 жылы бауыр циррозына шалдығып, сот одан ауруханада жатқан жерінен жауап алған еді. Ол соңғы рет 2024 жылы ауруханағ түскен еді. “Науқастың 2-3 жылдай уақыты қалды” деген дәрігерлердің сөзіне қарамастан сот оны мерзмінен бұрын босатудан бас тартты.
“Коагулограммасы нашар. Бауыр жасушалары ыдырап, шіри бастаған. Мидың зақымдалуы байқалады. Іш қуысында сұйықтық жиналған. Бауыр циррозы. Портальды гипертензия синдромы. Флеберизм. Нефротикалық синдром. Науқастың жағдайы ауыр”, – деді дәрігерлер.
Адвокаттардың айтуынша, Жәнібек Жауыров ұзақ уақыт мүгедектер арбасында отырды. «С» дәрежесіндегі бауыр циррозы кейін әдетте, адам жүре алмай қалады. Ал бауырды ауыстырмаса оның бір жылға жетер-жетпес уақыты қалған еді” дейді қорғаушысы. Жәнібек Жауыров отаға дейін шыдай, 23 шілдеге қараған түні қайтыс болды.
Қорғаушылар сотталушының денсаулық жағдайы мерзімінен бұрын босатылуына негіз болады дейді. Алайда судья марқұмның сырқатына қатысты құжаттарын сенбей, «басқа сотталушының аты-жөнін қосып, сол жерде басқа диагнозды көрсеткен» деген негізде оны босатудан бас тартқан.
“Сотталушы агрессивті және оның сырқаты қоршаған ортаға қауәп төндіреді”, – дейді судья Қонаев қалалық сотының судьясы Мақсат Әмірқұлов.
Сотталушының адвокаты екі рет Жәнібекті босату туралы өтініш жіберілгенін, алайда судья екеуін де қабылдамай қойғанын айтады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!