Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Оқушы соққыға жығылды

01.08.2023

479 0

 Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар қаласында 14 жастағы жасөспірімнің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді. Комитет аталған жағдайды толық бақылауына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жасөспірімді ұрып-соғу оқиғасын комитет Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Орын алған жағдайға байланысты бүгінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аталған жағдайды толық бақылауына алды. Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алуда. Оған алдағы уақытта жан-жақты көмек көрсетіледі. Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілердің барлығы жазаға тартылады. Балалар арасындағы қатыгездіктің алдын алу мақсатында өңірлерге білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын күшейтіп, балаларды қосымша біліммен 100% қамту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды», – делінген хабарламада.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, 24 шілде күні кешкі сағат 20:30-да Павлодар көшелерінің бірінде төбелес болған. Салдарынан 14 жастағы жасөспірім зардап шегіп, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске қатысқандардың барлығы анықталды.

 «Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді департаменттен.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жасөспірімнің жағдайы – орташа ауыр.

«Оған «жабық бассүйек-ми жарақаты» диагнозы қойылды. Сондай-ақ беті, басы, арқасы, кеудесі жарақаттанған», – деп мәлімдеді  басқарма өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: