Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Отбасы күнінде сотталған жақындарымен қауышты

16.05.2023

814 0

Отбасы бақыт мекені. Бірақ , темірторға түскендер оның қадірін кеш біліп жатады.

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД -ға қарасты 68 мемлекттік мекмесінде сотталғандардың отбасымен байланысы үзілген емес.

Өйткені, бас бостандығынан айрылғандарды өмірге қайта тәрбиелеуде туыстық қатынастың маңызы зор.

Мекеменің АКАӘПТЖБ-нің қызметкерлерінің бірі жасақ бастығы Н .Абдрамановтың айтуы бойынша:

  • Сотталғандардың отбасымен байланысы олардың түзелу жолына түсуге игі ықпалын тигізеді.

Сондықтан да жазасын өтеушілердің өтініші негізінде, мүмкіндігінше жақындарымен кездесуін ұйымдастырып отырамыз.

Олар туыстарымен кезек бойынша таксафонмен сөйлесіп, жанұя жағдайын біліп тұрады.

Ал, ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге келген жақындарын көргенде мүлдем жақсы көңіл күйге түседі.

Сондай-ақ, осында түскен соң, отбасын құруға ниет білдіріп жататындар да бар.

Ондай кезде мекеме заңгері екі тараптың өтініші негізінде АХАЖ бөліміне құжаттарын жинақтап,неке куәлігін алып береді.

Қалай болған күнде де өмірден шалыс басып,қылмысқа тартылғандар отбасы мүшелерінің мейіріміне, жылы сөздеріне зәру, қолдауды тым қажет етеді.

Соның бірі , ҚР ҚК 188- бабы бойынша С есімді сотталған азамат отбасымен қауышты

  • Бүгін мен кездесуге келген егіз қызымды көріп қуанып қалдым
    .
    15- мамыр Отбасы күнінде барлық қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтаймын.

Жақындарыңның қадірін біліңіздер .Жанұя мүшелері аман болсын.

Өзім де,келіншегім де көп балалы отбасында өскенбіз.

Менің де екі ұл мен егіз қыздарым бар.Балаларым байлығым екен.

Екі жылдан асты әрдайым олардың қасында болмасамда сағынышымды қағазға түсіріп өлең етіп жазып жүрмін.

Бостандыққа шыққан соң, балаларымның тәрбиесімен айналысамын- деп, жазған өлеңдерінің бірін оқып берді.

Отбасым екен байлығым

Егіздерім
Ай, Күнім

Сендерді де сағындым

Қос ұлдарым Айбыным.

Ата- анам – жұмағым

Құрметтілерім, Құраным

Бәріңді де сағындым

Туған жерім тұмарым.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: