2021 жылдың қаңтар айының 31 күні түңгі уақытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Қожакент ауылының тұрғыны белгісіз біреу үйінің терезесін сындырып кіріп, қонақ бөлмесінен қымбат теледидарын және жатын бөлмесінен нан пешін ұрлап кеткені туралы арызданған.
Аудандық полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру нәтижесінде 23 жастағы бұрын сотты болған азамат анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктіден айғақ заттар алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (тұрғын үй жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция баспасөз қызметі департаментінің
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!