Ақтөбеде он тұрғыннан 100 миллион теңге алып, алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz-тің жазуы бойынша, көршілес аймақтың тұрғыны жәбірленушілерді бір жыл ішінде пәтерлерін жөндеуге уәде беріп алдаған.
Күдікті жәбірленушілерден алдын ала ақшалай төлемдер алған, содан кейін байланысын тоқтатқан. Жалпы материалдық шығын 100 миллион теңгеден асты, – делінген хабарламада.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция алаяқтықты тергеп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
