Сәрсенбі, 27 қараша, 03:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Пәтерге ұрлыққа түскен ұры құрықталды

18.08.2021

776 0

14 тамыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша кешкілік уақыт 17:00 – 18:30 аралығында белгісіз адам, үйінің асхана бөлмесінің пластик терезесін күштеп ашып кіріп, қонақ бөлмедегі шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 610 мың теңгені құрайды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Ақсай Полиция қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде «ізін суытпай» 36 жастағы бұрын сотты болған, облыс тұрғыны күдікті азамат ретінде тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: