Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Патриоттық ән рухымды көтереді

16.06.2023

739 0

Патриоттық әндер айту- намысымды оятып, рухымды жігерлендіреді.

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 меммлекеттік мекемесінің бақылаушы әділет аға сержанты Балғынбай Аянның айтуы бойынша ҚАЖ қызметкері елінің патриоты болу керек.

Өйткені, уақытпен санаспай ерте келіп, кеш кететін тергеу изоляторының тегеурінді жұмысына тек рухы биік , намысы жоғары бойында патриоттық сезімі жоғары азаматтар ғана төтеп беріп жұмыс жасауға бейім.

Таңғы сегізден кешкі жетіге дейін айыпталушылар мен тергеудегілердіғ сотталғандарды қажеттілігіне қарай мекеме ішінде тасымалдау мен олардың оқыс қимыл жасамауын қадағалау аға сержанттың негізгі міндеті.

Бұл жұмыс сырт көзге оңай көрінгенмен қамаудағы қиянқы қылмыскерлердің айла-әрекетіне қарсы тұру үшін әр бақылаушы антына адал, жұмысына жауапкершілікпен қарау керек.

  • Мен бұл қызметке өз қалауыммен келдім. Мектепте оқып жүргенде әскери қызметкер болғым келетін.

Әсіресе, ішкі істер саласы қызметкерлерінің киім үлгісі ұнайтын.

Оныншы сыныпта әскери дайындық сабағында автомат шашып,жинаудан шапшаң болатынмын.

Мектепшілік жарыстарға қатысатынмын. Соның ішінде саптық әндер айтуда даусың ерекше деп, мектеп мұғалімдері мені әнші боларсың деп ойлайтын.

Студенттік кезімде де әртүрлі ән байқауларына қатысып, басжүлделерге ие болып жүрдім.

Бірақ мен еразаматқа жарасымды жұмыс- ҚАЖ қызметкері болуды таңдадым. Ия, иығымдағы погонның жауапкершілігі зор,жұмысым да қиын.

Әйтседе, шаршаған сәнттерде әртүрлі әндер айтсам, бойым сергіп,өмірге деген құлшынысым артады.

Әсіресе, патриоттық әндер айту, намысымды оятып, рухымды жігерлендіреді Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова апамыз әнші, әртістермен бірге майданға барып, танкінің үстінде тұрып ән айтқан ғой.

Әннің құдіретінен жауынгерлердің жабырқау көңілдері көтерілетін.

Жақында Астана қаласында өткен ішкі істер саласы қызметкерлері арасында өткен «Міндет. Абырой. Ерлік» атты көркемөнерпаздар өнерінің вокалдық байқауына қатысып қайттым.

Жүлделі орын алмасамда, жігерленіп қайттым. Батырхан Шукенов ағамыздың «Отан Ана» әнін орындадым.

Бұл өлеңнің әуені де, сөзі де менің санама сіңіп қалған. Өлең айтқан сайын, бойымдағы патриоттық сезім күшейеді- дейді, ҚАЖ қызметкері елжанды жас азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: