Маңдай тердің мөлшері, еселі еңбектің өрелі өлшемімен келген жетістік – әділ жеңіс. Әсіресе, жарғақ құлағы жастыққа тимей, анты мен борышын орындауда байыз таппайтын қызметкерлердің ісі құрметке лайық. Соның бірі – ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Шәдімханов Бағдаулет Ділдабайұлы.
Салмақты саланың сан жұмысын жүйелі атқарып, мекеме табалдырығын аттағанына да тоғыз жылға жуық уақыт болыпты. Осы аралықта оның кәсіби біліктілігі мен айнымас ұстанымын аңғарта білгені бәріне мәлім. Табан аудармастан тегеурінді еңбек еткені де жетекшілік етуіне жол ашты.
Бағдаулет Ділдабайұлы уақытпен санаспай қызмет етсе де, отбасына көңіл бөлуді ұмытқан емес. Әкесі ел қауіпсіздігі жолында қызмет ететін жан болса, оның тұлғасы қызының көз алдында тіпті биіктей түсетіні ақиқат. “Мен папаммен мақтанамын!” – деген Мединаның сөзі мекеме қабырғасында ерекше естілді. Бәлкім, әке еңбегінің шынайы бағасы осында шығар?!
З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
