Жұма, 07 қараша, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

«PokStars» және «LuckyShark» онлайн-казино ұйымдастырушылары жазаланды

07.11.2025

52 0

видео кадры

ҚМА Алматы бойынша департаменті PokStars және LuckyShark заңсыз онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, банк арқылы ақша алынып, одан соң ойыншыларға жүйеге кіру үшін логин мен құпиясөз берілген.

«Қаржылық операциялар ұйымдастырушалрдың туыстары мен үшінші тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген. Жаңа ойыншыларды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде ойын клубын жарнамалайтын нысаналы жарнама қолданылған», – делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, үш кінәлі тұлға 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Мемлекет пайдасына 116 миллион теңге көлеміндегі заңсыз табыс пен ZEEKR маркалы автокөлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: