Сейсенбі, 11 қараша, 18:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Полицейді ұрып-соққан екі тұрғынға қатысты іс сотқа жіберілді

11.11.2025

39 0

Фото: - архив

Қостанай облысында полиция қызметкеріне зорлық-зомбылық көрсеткен екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ұзынкөл ауданының екі тұрғыны мас күйінде полиция инспекторына күш қолданып, денсаулығына зиян келтірген. Сондай-ақ олар тәртіп сақшысын көпшілік алдында қорлаған. 

18 маусымда Пресногорьков ауылындағы ойын-сауық мекемесінің жанында 27 және 29 жастағы тұрғындар мас күйінде жүрген. Полиция қызметкері  оларға ескерту жасаған. Сол сәтте екі тұрғын ескерту жасаған полицейге зорлық-зомбылық көрсетіп, денсаулығына зиян келтірген. Сонымен қатар оны көпшілік алдында қорлағаны анықталды, – деп жазылған прокуратура хабарламасында. 

Тергеу нәтижесінде күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 378-бабының 2-бөлігі және 380-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылып, іс Ұзынкөл аудандық сотының қарауына жолданды. 

Облыс прокуратурасы агрессия көрсету, зорлық-зомбылық көрсету және билік өкілдерін қорлауға жол берілмейтінін және қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын еске салады. Азаматтар қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауы қажет және қызметтік міндеттерін орындайтын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құрметпен қарауы керек, – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: