Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер адам өмірін өрттен арашалады

21.05.2021

1036 0

   Қызылорда қалалық Полиция басқармасының сақшылары қызыл жалын шарпыған үйден тұрғындарды құтқарып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ақмешіт мөлтек ауданы №2 үйдің екінші қабатында өрт шыққан. Төтенше жағдай қызметіне дереу хабар берген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының жаяу бағыттағы қызметкерлері полиция  кіші лейтенанты Талғат Шалқарбаев, аға лейтенанттар  Ержан Анапияев пен Сатенов Бектұр тұрғындарды құтқаруға шұғыл кіріседі.

         Қою түтін арасынан жол тапқан сақшы Талғат Шалқарбаев  лаулаған от көрші пәтерлерге таралып кетпес үшін тез сөндіруге кірісті. Полицейлер жедел шешім қабылдап, пәтер есігін күш қолданып ашып,  54 жастағы азаматшаның өміріне араша болып, құтқарды. Ал екі қызметкер өртке оранған көпқабатты үйдің тұрғындарын, алдымен балаларды, кейін ересектерді сыртқа шығарады.

Бағыт аралау кезінде жергілікті тұрғын көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын айтты. Біз ойланбастан оқиға орнына дереу жеттік. Екінші қабатта орналасқан үйдің есігін балтамен бұзып ашып, ес-түссіз жатқан  әйелді көтеріп, далаға шығардық. Біз бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырдық, бірнеше секундымыздың барын ғана түсіндік. Көпқабатты үйде орналасқан барлық тұрғындардың есігін қаға отырып,  подъезд тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірдік. Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте халыққа көмектесу – міндетіміз. Бұл әрекетімізді ерлік немесе батырлық деп санамаймыз. Біздің орнымыздағы әрбір полиция қызметкері болса солай жасар еді. Бастысы, адамның өмірін арашалап қалдық» – деп, атап өтті полиция аға лейтенанты Сатенов Бектұр.

    Осылайша, полицейлердің батыл шешімі адам шығынының алдын алды. Құтқарушылардың келуін күтпей-ақ басын қатерге тіккен полиция қызметкерлеріне үй тұрғындары дән риза болды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: