Жұма, 07 қараша, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

07.11.2025

61 0

Фото: Egemen.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы — Ташкент автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция жасағы бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi автокөлігін тоқтатқан. 

Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды.

Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Кордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен ол Қырғыз Республикасы милициясының өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды. Тәртіп сақшыларының қырағылығы мен жедел іс-қимылының нәтижесінде ауыр қылмысқа қатысы бар тұлға ұсталып, әділдік салтанат құрды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: