Жексенбі, 11 қаңтар, 05:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

Полицейлер ірі көлемде қарызы бар тұрғынды анықтады

10.01.2026

78 0

Сурет: polisia.kz

Өскемен қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері сот шешімдері мен қаржылық міндеттемелерін ескермейтін азаматтарды іздестіру бойынша нәтижелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшыларының назарына 55 жастағы қала тұрғыны іліккен. Ер адам 2025 жылдың маусым айынан бастап Өскеменнің басқа бір тұрғынының пайдасына шешілген ірі көлемдегі қарызды төлеуден жалтарған.

Қарыз сомасы 2,5 миллион теңгені құрады. Борышкердің көзге түспеуге тырысқанына қарамастан, жедел іс-шаралар барысында көші-қон қызметінің мамандары оның нақты жүрген жерін анықтады. Енді барлық соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін іске сот орындаушылары кіріседі.

Жыл басынан бері ШҚО полиция департаменті осындай 50-ден астам төлем жасамай жүрген тұлғаны іздеп тапты. ШҚО ПД Көші-қон қызметі ескертеді: борыштық міндеттемелерден жасырыну әрекеттері жағдайды қиындата түседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: