Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан тұрғыны қоңырау шалып, үйінің ауласында тұрған «Ниссан Максима» автокөлігін белгісіз біреу ұрлап кеткені туралы арызданады. Жәбірленушіге 4 млн 500 мың теңге залал келтірілген.
Аталған хабарлама бойынша автокөлікті іздестіру үшін «Тосқауыл» операциясы жарияланады. Көп ұзамай жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Департаменттің жергілікті полиция қызмет басқармасы патрульдік полиция ротасының қызмет аға инспекторлары полиция аға лейтенанты Жарасхан Буганаев пен полиция аға лейтенанты Шалқарбаев Ердаулет ұрланған автокөлікті біржарым сағаттан кейін «Батыс-Қытай-Батыс-Европа» тас жолының Диірментөбе ауылының тұсында табады. Заңсыз іс-әрекет жасаған 20 жастағы аудан тұрғыны анықталып, АПб-не жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!