Қызылордалық полицейлер арнайы операция кезінде есірткі притонын анықтады.
26 қазан күні Қызылорда ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыс басқармасының қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 68 жастағы қала тұрғыны өзінің тұрғылықты мекен жайында үш сыбайласымен бірге есірткі затын қайнату арқылы «эктрациялық апиынды» дайындап, тамыр арқылы егіп, тұтыну үшін притон ұйымдастыру үстінде құрықталды.
Тергеп-тексеру кезінде күдікті сыбайластарымен бірге үйінде есірткі затын қайнату арқылы жасаған «эктрациялық апиынды» күнделікті бірнеше рет тамыр арқылы егіп қолданып жүрген. Мекен-жайына қарап-тексеру кезінде, айғақты заттар яғни есірткі заты қайнатылған ыдыс-аяқтар, шприцтер заттай дәлелдеме ретінде алынды. Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Нақты айғақтармен құрықталған күдікті бүгінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!