Сенбі, 30 қараша, 11:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер тоқ сымдарын ұрлаған қала тұрғындарын қолға түсірді

22.12.2021

901 0

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің «102» жедел арнасына, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы жүгінген болатын. Арызданушының айтуы бойынша, қала орталығында орналасқан ірі завод ғимаратына тиесілі қабырғаларға жүргізетін тоқ сымдарын ұрлап кеткен. Мекемеге келтірілген шығын 800 мың теңге.

Аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2 бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша іс тіркелді.

Ақсайлық полицейлер оқиға орнына толық құрамда шығып, қылмысты ашуға бағытталған барлық шараларды жүргізді. Айналаны бір шолып, күдік тудырған аймақтардың барлығын жіті бақылады.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Олар 23 жастағы азаматтар болып шықты. Аз уақыттың ішінде ұсталған күдіктілер басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: