Бүгінгі таңда қоғам тарапынан полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен міндеттер жоғары. Полицейлер қызмет барысында азаматтардың өмірін құтқара отырып, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қоғамның сеніміне тек кәсіби біліктілік және өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау, әрбір адамның проблемасына мұқият назар аудару арқылы ғана қол жеткізуге болады. Өйткені, әрбір полицей қызметкері үшін құқықтық тәртіп пен заңдылықты қорғау – бұл жай ғана жұмыс емес, бүкіл өмірін арнайтын ісі.
Бүгін Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне орай қызметтік міндеттерін адал атқарған Басқарманың 100 – ден астам қызметкері алғыс хаттармен марапатталса, 7 қызметкер төс белгімен марапатталды.
Атап айтар болсақ, басқарманың патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің рота командирі полиция майоры Жайсанбаев Шаттық Ғабитұлы да марапат биігінен көрініп, «Мінсіз қызметі үшін ІІ дәрежелі» медалімен марапатталды.
«Әрдайым халыққа қызмет етуге дайынбыз. Әрине, ішкі істер органдарында қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Егер өз кәсібіңді біліп, жаныңдай жақсы көрсең, жетістікке қиындықсыз жетуге болады» дейді полиция майоры Шаттық Ғабитұлы.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бөрібаев Сәкен Бөрібайұлы қай кезде де алдыңғы шептен табылған қызмет үздіктерінің ерен еріктілігін, еселі еңбегін атап өтіп, полицейлерге белсенді азаматтық ұстанымдарын еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі жолында, байыпты бастамаларға бастамашыл болатынына сенім білдіретінін жеткізді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!