Сенбі, 21 желтоқсан, 18:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Полиция департаментінің бастығы 3 айдың жұмысын қорытындылады

24.04.2021

2093 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы  полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы Жедел кеңес өткізіп, ағымдағы жылдың 3 айын қорытындылады. Жедел Кеңес бейнеселекторлық режимде өткізілді.       

      Полиция органдарының ағымдағы жылғы І тоқсандағы жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы туралы   Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі  Амитов Шамшидин Егенбердіұлы баяндама жасады.   

          Облысымыздың тәртіп сақшылары  азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстарды болдырмау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында  тиісті жұмыстар атқаруда. Атқарылған  ауқымды жұмыстардың нәтижесінде оң нәтижелерге қол жеткізілді.

            Бұдан бөлек, департаменттің жеке құрамы арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан  Карагулов баяндама жасап, өзекті мәселелерге тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақталуына ерекше назар аударылды.

Бейнеселекторлық режимде өткен бүгінгі Жедел кеңес барысында департамент бастығы Бектөре Жеңісбайұлы ІІМ Алқа отырысында қойылған басты талаптар мен берілген тапсырмаларды барлық құрылымдық бөлімдердің басшыларына жеткізді. 

«Атқарылған шаралардың нәтижесінде өңірімізде қылмыстық ахуал  тұрақты, қылмыс саны төмендеді. Полиция департаменті өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстарды сапалы атқаруда.  Қазіргі қазақстандық полицияның өзекті міндеттерінің бірі қолжетімділікті және  ашықтықты арттырып, тұрғындармен өзара тиімді байланыс жасау болуы тиіс. Сондықтан да жұмыстың тиімділігі халықтың сенімімен ғана өлшенеді» деді  Бектөре Жеңісбайұлы.

Кеңес қорытындысы бойынша Департамент бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бағыттарды анықтап, Департаменттің басқарма, бөлім, бөлімшелері басшыларына алдағы уақытта іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын  нақты міндеттерді қойды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: