Сенбі, 16 қараша, 23:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Полиция династиясын жалғаған, әке жолын  қуған  ұл

22.06.2023

886 0

«Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Бұл – өмірдің өзінен ойып алынған, еш қоспасыз пәлсапалық ұғым екені айдан анық. Ұлды – әке, қызды – ана тәрбиелесе, одан ешкім ұтылмасы сөзсіз.Маңызды қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген тәжірибелі  полиция лейтенанты Руслан Әбдіхаким Ерболұлы жас болса да жүріп өткен жолы – көпке өнеге. Ол – әке жолын қуып полицейлер династиясын жалғастырып келе жатқан ұл ретінде өз отбасында да ерекше құрметке ие азамат.Руслан  Ерболұлы 1999 жылы Алматы облысы, Қарасай  ауданында дүниеге келген. Әкесі – Турмаханов Ербол  Әбдіхакимұлы да ұзақ жылдар бойы қүқық саласында қызмет еткен. Қазіргі таңда зейнет демалысында. Бүгінде құрметті демалысқа шыққан ардагер Ербол  Әбдіхакимұлының бұл саладағы еңбегін әріптестері жақсы біледі. Саналы ғұмырын ішкі істер органдарының қызметіне арнаған Турмаханов Ербол  Әбдіхакимұлы 1991 жылы Қызылорда политехникалық техникумның Транспорт-жол факультетін, 2004 жылы Тараз қаласындағы заң институтын бітірген. Ол ішкі істер органдарындағы қызметте  20 жылдан астам түрлі  құрамда қызмет атқарып зор үлесін қосқан,Еңбегі еленіп, түрлі марапатқа ие болған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігінің хаты мен «Қазақстан полициясына-25 жыл» мерекелік медалімен, ІІО-дағы 10, 15 жыл «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және облыстық ішкі істер департаментінің Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.Ішкі істер органдарында  саласының қиындығына қарамастан Ербол Әбдіхакимұлы адал жар, сыйлы әке атанып, ұлы мен қызын тәрбилеуде. «Әке көрген оқ жонар» деген нақыл бар. Ербол ағамыздың ұлы  Руслан да әке жолын таңдады.«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, полиция офицерінің отбасында туған Руслан  Ерболұлы мектепті бітірген соң, көп ойланбастан Тараз қаласындағы «Тараз инновациялық – гуманитарлық» университетіне Заң факультетіне оқуға түсіп. 2020 жылы білімін тәмамдап, ішкі істер органына қызметке орналасқан.Руслан Ерболұлы өзінің қызметтік жолын 2020жылыҚызылорда ст. ЖПБ-ң патрульдік полиция взводының полицейі болып бастаған.Қазіргі таңда Жалағаш ауданында Полиция бөлімінің  учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқаруда.Жас болсын, егде болсын, қабілеті бар маман әрдайым өз ісінің нәтижесімен көзге түсетіні белгілі. Руслан Ерболұлы әу бастан өзінің осы салаға ептілігі барын аңғартып, учаскелік полиция инспекторының қызметін тез меңгеріп, басшылардың ықыласына бөленді.Асқар тау әкенің әрбір сөзін жүрегінен өткізген ол бүгінгі таңда әкесінің атына кір келтірмеуге тырысып, өз ісіне, әрекетіне, қызметіне, халық алдындағы борышына үлкен жауапкершілікпен қарап келеді.Жас маманның алға қойған мақсаты айқын, болашаққа нық сеніммен қарайды. Ол ел тыныштығын қорғап, халыққа қамқоршы болу үшін ерінбей еңбек етуді басты міндет санайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: