Сейсенбі, 18 қараша, 19:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Полиция екі ғимаратты «миналаған» жасөспірімді тапты

18.11.2025

37 0

Фото: pixabay.com

Ақтөбеде полиция қызметкерлері «жарылғыш зат қойылды» деп жалған хабарлама берген күдіктіні анықтады. Қоңырау шалушының жасөспірім екені белгілі болды. Екі оқиға да бір күн ішінде тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«1414» бірыңғай байланыс орталығына орта мектептердің біріне және көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түсті. Нысандарға дереу полиция жасағы, қызметтік иттері бар кинологтар және саперлер жіберілді.

Оқу орны мен тұрғын үйді мұқият тексеру барысында күдік тудыратын қандай да бір зат табылған жоқ. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті 8-сынып оқушысын анықтап, ұстады. Аталған екі факті бойынша қылмыстық істер қозғалды, – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Полиция департаменті мұндай «әзілдердің» ауыр құқықтық салдары бар екенін ескертіп, олардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы — «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Полиция ата-аналарды балаларының әрекеттеріне назар аударып, оларға ойланбай жасалған істердің салдарын түсіндіруге және қоғам мен заңға жауапты көзқарас қалыптастыруға шақырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: