Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Полиция инспекторы халықпен кездесті

18.12.2021

1248 0

Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың  10 желтоқсанында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының  Жергілікті полиция қызметі, № 9 УПП-нің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Құрманғазыұлы Тұрсынның қала тұрғындарымен есептік кездесуі өткізілді. Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре қатысып, 2021 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар жайлы есебін тыңдады.

Учаскелік полиция инспекторы өзіне бекітілген аумақ көлемінде қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, жеке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, профилактикалық шараларды ұйымдастыруға бағытталған жұмыс жоспарымен және жыл көлемінде атқарылған жұмыстарымен бөлісті. Әкімшілік аумақта 71 көпқабатты үй, 1112 жеке жер үй орналасқан. Тұрғындардың жалпы саны – 18000 адамды құраса, оның 2 мыңнан астамы жасөспірімдер болып табылады. Сонымен қатар әкімшілік аймақта халыққа қызмет көрсететін 69 мекеме бар, оның інішде: 1 жазғы спорт алаңы, 2  спорт кешені, 78  кафе-барлар, дүкендер, 3  оқу орындары.

Бұрын сотты болғандармен және маскүнем ретінде есепте тұратын азаматтармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, олардың мінез-құлықтары үнемі бақылауда екенін ескертті.

Есепті мерзімде қала тұрғындарынан әр түрлі мазмұндағы 1685 арыз-шағым мен хабарламалар келіп түсіп, олардың барлығы өз шешімдерін тапқан. Сонымен қатар 2021 жыл көлемінде 425 құқық бұзушылық орын алған, олар бойынша хаттамалар толтырылып, тиісті әкімшілік шара көрілген. Осы толтырылған хаттамалардың басым көпшілігі – көпқабатты үйлердің айналасында заңсыз сауда жасау, қала көркін бұза отырып, аумақтың тазалығын ластау, тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзу, 23:00-ден кейін алкоголь өнімдерін сату фактілері болып табылады.

Сондай-ақ әкімшілік аймақта жыл көлемінде 43 қылмыстық іс-әрекет тіркеліп, бүгінгі күнге дейін оның 31-і ашылып, қалған қылмыстарды ашу бағытында тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Аумақтағы түнгі уақытта заңсыз жұмыс жасайтын жалға беретін пәтерлер анықталып, иелеріне тиісті шара көру үшін 14 құжаттар жинақталып, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Сонымен қатар аталған аумақ халық көп шоғырланатын жерлердің бірі екендігі ескеріліп, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерісіз бейберекет жүруінің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жасалып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін мазалаған сауалдарын қойып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауылдағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу  үшін ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мәселен, Панфилов көшесінің 41 жастағы тұрғыны Бақытжан Рашидинов: «Көшелерде ерікті жасақшылар сарбаздарын ұйымдастырып, жастардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтарды мектептерде кеңестерде қарап, ата-аналарымен қоса жиналысқа салу керектігін» жеткізді. Ал басқа қала тұрғыны 4 баланың анасы Салтанат Файзулаева: «Қала орталығында орналасқан бейнекамералар санын көбейту керек» деген ұсынысын білдірді. Бұдан басқа учаскелік полиция инспекторы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Мөлтек тұрғындары өзіне жүктелген күрделі істі адал атқарып жүрген учаскелік полицейдің жұмысын бағалай келе, тәртіп сақшыларының жұмысын жан-жақты жариялауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын табатынына сенім білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: