Жұма, 22 қараша, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Полиция «Көк Төбе» маңына қасақана өрт қойды деген адамды іздестіріп жатыр

07.09.2022

638 0

«Көк Төбе» маңында қасақана өрт қойды деген адамның видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы ПД Бостандық ауданы Полиция басқармасының мәліметінше, видеоға түсірілген жер анықталған.

Бүгінде полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады.

Еске алайық, бүгін Алматыда Көктөбеде тау бөктерінде өрт шыққан болатын. ТЖД мәліметінше, жедел шаралардың арқасында 20:22-де өрт толық оқшауланған. Өрт толығымен 20:35-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 19 бірлік өрт сөндіру техникасы мен суару техникасы және 130 адам жұмылдырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: