Сенбі, 21 желтоқсан, 19:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

20.08.2024

229 0

Ақмола облысының Атбасар қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

«Атбасар қаласында жаяу адамды көлік қағып, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Жол апатына қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде күдіктінің полиция қызметкері екені туралы ақпарат тарады. Полиция департаменті жүргізушінің полиция қызметкері екенін растады.

«Қазір ол теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Ақмола облысы ПД басшылығының жеке бақылауында», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: