Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Пробация бақылауындағы азаматтармен кездесу өтті

28.07.2022

890 0

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту бөлімінде сала мамандары пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кәсіпкерлік мақсаттағы қайтарымсыз гранттарды алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері О.Әбілқасымов, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары және пробация есебіндегі азаматтар қатысты.
Жиында сала мамандары пробациялық есептегі азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қайтарымсыз грант түрлерін алуды түсіндірді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтіп, өзінің бизнес-жоспарын жасап, комисияға ұсынады. Бизнес-жоспары комиссия отырысында қаралып, жобасы мақұлданған жағдайда мемлекеттен қайтарымсыз қаражат беріледі. Сіздер де қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар,- деді кәсіпкерлік , өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері Олжас Әбілқасымов.
«Бүгінгі кездесуден көп мағұлмат алдым. Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Шаштараз айналысам деген жоспарым бар. Сала мамандарынан қажетті құжаттардың тізімін алдым. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізері анық»,- деді есептегі азамат.
Кездесу соңында пробация есебіндегі азаматтар да қозғалған мәселелерге байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: