Сейсенбі, 26 қараша, 23:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебінде сотталған жұмысқа тұрғызылды

12.08.2021

899 0

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және өзге де әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Соның нәтижесінде, бүгінде пробация есебіндегі 38 жұмыссыз сотталған жұмысқа орналастырылды. Жеке кәсіп ашамын деген пробация есебіндегі азаматтарға мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетілуде. Пробация есебіндегі С.есімді азамат жеке кәсібін ашып, өзі секілді шалыс басқан азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Ол «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен істі болып, 3 жыл шартты түрде сотталып, наурыз айында пробация есебіне алынған. Сотты болғанға дейін ол жеке кәсіппен айналысқан. Қазіргі таңда кәсібін одан әрі кеңейтіп, есептегі жұмысссыз сотталғанды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: