Бейсенбі, 28 қараша, 10:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азамат арнайы орталыққа орналастырылды

16.09.2021

604 0

Жуырда Қызылорда қалалық пробация қызметі есебіне алынған азаматқа Қызылорда қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 – бабымен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, жазасының барлық мерзімінде 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленген. Есепке алынған азаматқа пробация қызметкерлері әлеуметтік көмек көрсетіп, денсаулық жағдайын тексертіп, медициналық тексерістен өткізген. Сотталған азаматты зерделеу барысында оның тұрғылықты мекенжайы жоқ екендігі де анықталды. Пробация қызметкерлері өмірлік қиын жағдайда қалған адамды қайта әлеуметтендіру мақсатында сотталғанды Қызылорда қаласындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған мекемеге орналастырды.

«Есептегі Б., есімді азаматты осы орталықта бір жылға дейінгі мерзімге орнастырдық. Жалпы жыл басынан орталыққа пробация есебіндегі жеті азамат орналастырылды. Соңғы орналастырған азаматты жұмысқа орнастыру бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Әзірге ол 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін күніне төрт сағаттан асырылмай өтеуде», деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Б.Наурызбаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: