Сейсенбі, 26 қараша, 23:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азамат миллион ұтып алды

17.11.2023

670 0

Пробация есебіндегі азамат «ZHAS PROJECT» әлеуметтік жобасы аясында 1 000 000 миллион теңге грант ұтып алды.

«ZHAS PROJEСТ» жобасына 18 бен 35 жас аралығындағы 274 жас қатысушы өтініш білдірді. Техникалық іріктеуден 98 өтініш өтіп, оның ішінде 42 әлеуметтік жоба байқау критерийлеріне сай келіп, 14 жеңімпаз анықталды.

Сол жеңімпаздардың бірі Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған А. есімді азамат. Ол өз жобасын қорғап 1 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жеңіп алды.
Ол Көкшетау қалалық сотымен 2023 жылдың 15 мамырында ҚР ҚК-нің 106 бабының 3-бөлігімен 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мекенжайы бойынша Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде алынған.
Қармақшы аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Ниязовтың айтуынша, есептегі азаматтар арасында кәсіп ашуға ниеттілер көп. Осы азаматта өз жобасын ұсынып, жеңімпаз атанды. Дәнекерлеу жұмысын одан әрі үлкейтпек ниетте .

«ZHAS PROЈЕСТ» жобасының мақсаты NEET санатындағы жастарды жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту. Байқауда халықтың осал топтары мен шалғай ауылдық елді мекендердің жастарына ерекше басымдық берілді. Жоба Казакстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министірлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.

Нұрсұлтан Ниязов,

Қармақшы аудандық пробация кызметінің инспекторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: