Сәрсенбі, 22 қаңтар, 18:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азамат наркология орталығына жатқызылды

22.01.2025

48 0

Қызылорда қалалық пробация есебінде 600-ге жуық азамат есепте тұрады. Олардың арасында бірнеше азаматқа сот үкімімен маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу белгіленген . Пробация инспекторы әділет капитаны Нұржан Көшекбаев тағы бір азаматты Қызылорда облыстық наркологиялық диспансерге жатқызды. Ол Қызылорда қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабының 3-бөлігімен кәнілі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге шектеу жазасы тағайындалып, жергілікті органдар айқындайтын орындарда 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылып,пробациялық бақылау белгіленген және маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылады деп көрсетілген. Өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбегін толық орындап, жуырда маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу орталығына жатқызылды.

«Әділет капитаны Нұржан Көшекбаевтың айтуынша есептегі тұлғалар арасында өз өтініштері негізінде де емделуге жатқызылғандар бар. Қазіргі таңда пробация есебіндегі 4 сотталған наркологиялық диспансерге жатқызылып, ем қабылдауда»,- дейді пробация қызметінің аға инспекторы Нұржан Көшекбаев.

«Маскүнемдік салдарынан өмірімде көптеген қателіктерге жол бердім. Енді Қызылорда облыстық наркология орталығында ем қабылдап жатырмын. Алты айлық емдеу курсы- мен үшін үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта бұл тәуелділітен толығымен арылып, қалыпты өмірге ораламын деп сенемін. Қоғамға қайта бейімделіп, жақындарыма зиян келтірмейтіндей жаңа өмір бастауға бар күшімді саламын,- дейді есептегі азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: