Арал аудандық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазасы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.
Есептегі азаматқа сот үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша бас бостандығын шектеу жазасы тағайындылып, пробациялық бақылау белгіленген. Алайда ол сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеуден жалтарып,бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасап, хаттама толтырылған.
Арал аудандық сотында сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралып, сот қаулысымен Ш.есімді азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 2 жыл 24 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енді.
-Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталғанның міндеті болып табылады. Есептегі азаматтар арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, тәрбиелік жұмыстардан нәтиже шығармай, пробация инспекторларының ескертулеріне құлақ аспаған азаматтарды пробация қызметінің ұсынысы негізінде сотқа жолданады. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберіледі. Есептегі азаматтардың барлығы бірдей емес, бірі түзелу жолына түсіп, енді бірі жеке кәсіп ашып, өзін де өзге азаматтарды да жұмыспен қамтып отыр»,- дейді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Серік Сейталиев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!