Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтар арасында спорттық жарыс өтті

12.03.2024

526 0

Жалағашта пробация есебіндегі азамат гір көтеруден жүлделі орын иеленді.
Жалағаш ауданында «Наркескен» спорттық клубының ұйымдастыруымен өткізілген спорттық шараға пробация есебіндегі сотталғандар қатысты.

Жарыс спорттың гір көтеру, қол күрес түрлерінен өтті. Жарысқа есептегі 15 сотталған белсенділік танытып қатысты. Қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып,ұйымдастырушылардың «Алғысхатымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Мәдени- спорттық шараларға жиі қатысып түрамын. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. 16 кг гір тасын 23 рет көтеріп,жарыс қорытындысымен жүлделі орын алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.

Мұндай спорттық шараларға сотталған азаматтарды жиі қатыстыру, олардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: