Қармақшы аудандық мәдениет бөлімі мен пробацияның ұйымдастыруымен пробация есебіндеги 15 азамат отбасы мүшелерімен және жеке дара «Пейш. Жұмақ ананың табанының астында» атты кинофильмі тамашаланды. Аталған іс-шарадан қатысушылар жақсы көңіл күйге бөленіп, мәдени және рухани азық алды. Іс-шараның мақсаты- пробация есебіндегі азаматтардың отбасылық құндылығын құрметтеу, ата-анаға деген мейрімділігін арттыру, қолда бар алынын қадірін білу.
- Бүгінгі фильмнен ерекше әсер алдым. Ананың орны бір бөлек. Ананың мейірімінен асатын мейірім жоқ. Ананы құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Мен де анамды ерекше құрметтеймін.Қанша жаста болсақ та анамызға баламыз.Ата-ананың орны қашанда бөлек.Сондықтан ата -аналарымызды қадірлеп, жақсылық жасайық.Көңіліміз көтеріліп, жақсы әсер алдық.Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз,-деді есептегі сотталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!