Сейсенбі, 16 шiлде, 05:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтар Қорқыт ата кешеніне барды

15.07.2024

114 0

Пробация есебіндегі азаматтар түркі дүниесінің қайталанбас дара тұлғасы Қорқыт атаның жамбасы тиген қасиетті мекен Қармақшы жеріндегі Қорқыт ата кешеніне барды. Кешеннің меңгерушісі мен қызметкерлері қонақтарды қарсы алып, кешеннің мұражайының экспонаттарымен таныстырды. Қонақтар Қорқыт ата туралы аңызбен әңгіме мен кешеннің тарихы жөнінде біраз мағұлмат алып, жақсы әсерге бөленді. Іс-шараның мақсаты пробация есебінде тұрған азаматтардың рухани байлығын арттыра отырып, оларды өмірге деген көз қарасын қалыптастыру .
Бүгінгі шарада түркі жұртының ортақ абызы Қорқыт Ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәліметтер мен аңыз әңгімелер тыңдап, рухани азық алдық.Негізі өзім мәдени шараларға жиі қатысамын. Туған жеріміздегі белгілі адамдармен мен тарихи ескерткіштердің тарихын білу біздің міндетіміз, -деді сотталған азамат.
Іс-шараны Ораз Ахун қоғамдық қорымен Қармақшы аудандық пробация қызметі бірлесіп ұйымдастырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: