Жексенбі, 23 ақпан, 15:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтар жұмысқа жолдама алды

17.02.2025

104 0

Қазақстанда 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды. Бұл бастама елімізде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды еңбекке тартуға және сұранысқа ие салаларда білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Осыған орай, 13 ақпан күні Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Қармақшы ауданының Мансап орталығының ұйымдастыруымен Қармақшы аудандық аграрлы-техникалық колледжінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен ашық есік күні өтті.
Жәрмеңкеде 13 жұмыс беруші тарапынан 37 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде, пробация есебінде тұрған 2 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жұмыспен қамтуға мұқтаж азаматтар үшін осындай шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады. Бұл бастама жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға үлкен үлес қосады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: