Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың әлеуметтік жағдайын зерделеу, олармен жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында, Қармақшы аудан прокурорының №1 р/б өкімімен жұмысшы тобыкұрылған болатын. Сол жұмысшы тобы мүшелерімен Қармақшы аудандық пробация қызметі, аудандық прокуратура, жұмыспен қамту, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен бірлесіп, аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша аралау жұмыстары
жүргізілді. Аралау барысында сотталғанның отбасымен жоғарыда аталған орган қызметкерлері жеке әңгіме сұхбат жүргізіп, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін тындап, отбасының тыныс тіршілігімен танысып, отбасында болатын тұрмыстық қарым- қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оған қоса, сотталғанның туған- туыстарына, сотталғанның жаза өтеу тәртібімен талаптары, міндеттерімен жауапкершіліктері түсіндіріліп, оның қайта қылмыспен құқық бұзушылыққа және жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа баруының алдын алу үшін, өз тарапынан оң ықпал жасауы сұралып, сотталған тарапынан отбасына қатысты қандай да бір зорлық-зомбылық іс-әрекеті байқалған немесе болған жағдайда пробация қызметіне немесе полиция бөліміне хабарлау керектігі түсіндірілді.
Қазіргі таңда Қармақшы аудандық пробация есебінде 40-тан астам азамат есепте тұр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!