Сәрсенбі, 20 қараша, 15:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтардың балаларына оқу құралдары таратылды

21.08.2024

315 0

«Мектепке жол» акциясы аясында Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қазалы аудандық прокуратурасы, аудандық жастар ресустық орталығы және «
Сауал» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен пробация есебіндегі азаматтардың 12 баласына мектепке қажетті құрал-жабдықтар берілді. Балаларға оқу құралдары, сөмкелер таратылды. Бұл акцияның мақсаты- аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына кезеңінде әлеуметтік көмек көрсету.
Аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Ербол Сражатовтың айтуынша есептегі азаматтарға әлеуметтік көмектер жиі көрсетіледі.Жыл басынан тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға демеушілер дің көмегімен азық-түліктер берілген.Бүгін міне олардың балаларына оқу құралдары беріліп отыр. Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 90 -ға жуық сотталған есепте тұрады.Олармен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады.Алдағы уақытта да әлеуметтік көмектер көрсету жалғасын табатын болады деді әділет подполковнигі Ербол Сражатов.
Көмек алған есептегі азаматтар пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

  • Бүгінгі акцияда балаларыма оқу құралдары берілді. Екі балам мектепке барады. Әлеуметтік көмек алғаныма қуанып отырмын. Біздің жағдайымыз ды зерделеп, көмек алуға ұсыныс берген пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға алғысым шексіз-дейді есептегі азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: