«Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » КММ-нің әлеуметтік жобасы аясында және»Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен еркін форматта кездесу ұйымдастырды. Кездесу аясында арнайы психолог Сымбат ханым семинар -тренинг өткізді .Семинар -тренингте кейін заңгермен кездесіп, құқықтық кеңес алды.
-Бүгінгі тренингтен жақсы әсер алдым.Өз ойымызды ашық айтып,еркін пікір алмастық. Жастықпен шалыс басып, ата-анамды тыңдамай, қылмыс жасадым.Бүгінгі тренинг болашаққа жоспар құруыма , жеке кәсіп ашсам деген арманыма жол ашқандай болды. Заңгерлік көмек те алдым.Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз -деді есептегі сотталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!